Қызылорда қаласында қоғамдық көліктерде алғаш рет жылжымалы электронды кітапхана іске қосылды. Бұл жоба KitapAl кітап дүкенімен бірлесе отырып, халықты көркем әдебиетті оқуға баулу мақсатында қолға алынды.
Қызылордадағы автобустарда жылжымалы кітапхана іске қосылды
1,186
оқылды

Қазір электронды кітапханалар «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-на қарасты қоғамдық көліктерінде орнатылған. Кітап оқу үшін жолаушылар интернет желісіне қосылған смартфондарды пайдалана алады. 

«Электронды жылжымалы кітапхана 16 бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдайтын автобус салондарында арнайы QR кодтары негізінде  қолжетімді.  Мұнда жүргіншілер қазақ, шетелдік классиктердің шығармалары және психологиялық, тұлғалық даму бағытындағы кітаптарды оқуға мүмкіндік алады. Бұл жобаны тың бастама ретінде іске қосып отырмыз. Алдағы уақытта кітаптар тізбесі жаңартылып отырады», – дейді «Қызылорда автобус паркі» ЖШС директоры Мақсат Жүсіп. 

Бүгінде қоғамдық көлік салондарынан арнайы нұсқама арқылы Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар», М.Мақатаевтың «Өмір өзен», Д.Қонаевтың «Ақиқаттан аттауға болмайды» шығармаларымен қатар, әлем әдебиетінің жауһарларымен де сусындауға болады.

Ав