Ақорда әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптадағы жұмыс жоспарын жариялады
Ақорда Тоқаевтың осы аптадағы жұмыс жоспарын жариялады
1,400
оқылды

Президент 22 мамыр күні Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездеседі. 

Сондай-ақ дәл осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келетін Сингапур президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.  

Мемлекет басшысы 25 мамыр күні Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мәскеуде өтетін кезекті отырысына қатысады.