Оқиға 20 мамырға қараған түні сағат 02.20 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолында болған..
Атырауда жол апатынан 4 адам қаза тапты
1,126
оқылды

Toyota Ipsum көлігі мен Камаз жүк көлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Toyota Ipsum автокөлігі өртеніп кеткен. Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. 

2 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. 

"Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеп-тексеру басталды"  – делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.