Қазақстандық теннисші жекелей сында финалда жергілікті ойыншыны 6:3, 6:3 есебімен жеңді
Қазақстандық жас теннисші Бакуде абсолютті чемпион атанды

 Қазақстандық Ілияс Маратұлы Әзербайжан астанасы Бакуде 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық теннисші жекелей сында финалда жергілікті ойыншыны 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

І.Маратұлы жұптық сында қарағандылық Виталий Зацепинмен бірге соңғы бәсекеде түркиялық ағайынды Тургуттарды 7:6, 6:1 есебімен ұтты.

Бакуде сондай-ақ қыздар арасында қазақстандық Ульяна Романова жұптық сында ресейлік Кира Батайкинамен бірге үздік шықты. Олар ресейліктерден 7:5, 6:2 есебімен басым түсті.