Степногорда ер адам көршілерінің көзінше итті 5-қабаттан лақтырып жіберген, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қала тұрғыны Instagram желісіндегі step_notsleep парақшасында жануарларға қатыгездік көрсеткендердің видеосын жариялады.
Степногор тұрғыны итті 5-қабаттан лақтырып жіберді
1,762
оқылды

"Жануар адаммен тең емес. Бірақ адам да жануарға айналмауы керек. Мас адам 5-қабаттан итті лақтырып жіберді. Куәгерлер бар. Арыз қабылданды. Қорқақ үйден шықпады. Итті жақын маңдағы қараусыз қалған жердің артына көміп тастады. Олар қан іздерін жасыруға тырысты", – деп жазды әйел.

"Голос народа" порталының мәліметінше, Ақмола облысының Полиция департаменті өкілдері қала тұрғынының жазбасына қатысты пікір білдірді.

"Жануарларға қатыгездік көрсету дерегі бойынша Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", –  деп хабарлады полицейлер.