Ақтөбе облысында 5 оқушы мінген көлік жол апатына ұшырап, бір бала жарақат алды, – деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе облысында 5 оқушы мінген көлік жол апатына ұшырады

Ақтөбе облысы Байғанин ауданында Қарауылкелді ауылы Молдағұлова көшесі бойында 20 мамырда сағат 09.50 шамасында "НИВА" автокөлігі мен "Лада приора" автокөліктері соқтығысты.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлікте 5 оқушы болған, салдарынан 2011 жылы туған бала жарақат алған.

Аталған дерек аудандық полиция басқармасында тіркелген.