Оралда автобус салонындағы төбелес видеоға түсіп қалды. Екі адам жарақат алды,– деп хабарлайды "Мой город" сайты.
Оралда автобуста жолаушылар төбелесіп, екі адам зардап шекті

Оқиға 16 мамырда кешкі уақытта болған. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, №2 жолаушылар автобусының салонында екі ер адам бұзақылық ниетпен 26 және 23 жастағы екі ер адамды ұрған.

Дәрігерлердің қорытындысына сәйкес, олардың денесі көгерген.

Полиция қызметкерлері 32 және 53 жастағы екі ер адамды ұстады. Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Төбелесті бастағандардың бірі бұрыш спрейін қолданғаны туралы ақпарат тарады. Алайда полиция бұл дерекке қатысты пікір білдірмеді.