Қарағандыда бес қабатты тұрғын үй өртеніп жатыр. Өрт шамамен 900 шаршы ауданды қамтыды. Құтқарушылар 15 адамды эвакуациялады.
Қарағандыда мың шаршы метрге жуық тұрғын үйдің шатырын жалын шарпыды
908
оқылды

Өрт туралы хабарлама диспетчерлік пультке бүгін сағат 14.59-да түсті. Тұрғындар Ә.Бөкейханов ауданындағы 11-орамда 5 қабатты тұрғын үйде өрт шыққанын хабарлады.

«5 қабатты тұрғын үйде ашық жалынмен шатыр торлары жанып жатыр. От шарпыған алаң шамамен 900 шаршы метрді алып кетті. ТЖД күштерімен 15 адам эвакуацияланды. Өртті сөндіруге ТЖД бөлімшелері жұмылдырылды», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Оқиға орнында облыс және қала әкімдері бар.

Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қала әкіміне тұрғындарды уақытша мекенге орналастыруды тапсырды. Штаб ұйымдастырылды.

«Қазір негізгі міндет – өртті сөндіруге, себептерін анықтауға, адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге күш салу», – деді облыс әкімі.