2023 жылғы 20 мамырда сағат 23.05 шамасында Changan автокөлігін мінген 46 жастағы жүргізуші "Подстепное - Меловые горьки" тасжолының 5-шақырымында келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, 25 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан жартылай тіркемесі бар Volvo көлігімен соқтығысқан.
Батыс Қазақстанда жол апатынан 3 адам көз жұмды

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның 2011 және 1977 жылы туған екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында есін жимастан қайтыс болды. 

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық кодекстің 201-бабы бойынша өзге де мәліметтер жария етілмейді.