Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3,16 теңгеге төмендеп, 1 доллар 445,12 теңге болды.
Доллар бағамы 3,16 теңгеге төмендеді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3,16 теңгеге төмендеп, 1 доллар 445,12 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 22 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 448,31 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 444 теңге, сатып алу – 446,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 441,5 теңгеден болса, сатып алу – 445,5

Алматыда Ресей рублі 5,45 – 5,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,52 – 5,62 теңгеден сатылуда.