Тәркіленген тауардың құны 2,4 млрд теңгені құрайды.
Шекарадан электронды темекінің ірі партиясын заңсыз өткізбек болғандар ұсталды
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірге "Достық" көліктер өткізу пунктінде шекаралық бақылау барысында жүк көліктеріне тиелген ілеспе құжаттары жоқ ірі көлемдегі электронды темекі анықталды.

Аталған ірі көлемдегі заңсыз тауарды елге кіргізуге әрекеттенген үш Қазақстан азаматы ұсталды.

Тәркіленген тауардың құны алдын ала есеп бойынша 2,4 млрд теңгені құрайды.

"Аталған адамдар мен жүктері одан әрі тексеруді жүргізу үшін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық бөлімшесіне берілді", – деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.