Алматы қаласында Ұлттық медиа қауымдастықтың ұйымдастыруымен «Медиа өлшемдер. Телевизия нарығының өзекті мәселелері» тақырыбында конференция өтті.
Жарнама нарығының жайы қалай?

Жиын аясында телевизия нарығындағы заманауи қиындықтар мен тенденциялар туралы зерттеулер мен пікірталас ұйымдас­тырылды. Ал панельдік сессияларда 2022 жылғы медиа өлшемдердің қорыты­нды­лары, медианы тұтынудың негізгі фактор­лары, халықаралық аудит жүйесінің мы­сал­дары және Қазақстанның медиа жүйе­сіне деген сенімділікті арттыру, сондай-ақ мемлекеттік тілдегі жарнама және оның даму барысы көтерілді. 

Қауымдастық жетекшісі Кемелбек Ойшыбаев телевизиядағы жарнама нары­ғын дамыту үшін медиа нарықтың барлық қатысушысының бірлескен жұмысы маңызды екенін атап өтіп, Ресей теле­визия­сындағы жарнама кірістеріне тоқта­лып өтті.  

«Біз ресейлік теледидардағы жарнама нарығынан 32 есе азбыз, яғни Ресейдегі теледидар жарнамасының көлемі теңгемен есептегенде шамамен 1 трлн 100 млрд теңгені құрайды. Егер Қазақстанның жарнама нарығы құлдырайтын болса, онда нарықтың барлық қатысушыларында даму болмайды», – деп нақтылай келе, қауым­дастық басшысы жарнаманы орналас­тыруда дұрыс бағалау саясатына көңіл бөлуге шақырды.

Қауымдастық K Research Central Asia-мен бірлесіп 3М3А халықаралық аудиторлық компаниясы жүзеге асыратын халықаралық аудитке тапсырыс берді. Бүгін Роберт халықаралық аудитор жос­пар­ланған аудиттің егжей-тегжейі мен іске асыру құралдары жайлы айтып берді.

«Бүгінде медиа-кеңістік абстрактілі ақпараттық орта санатынан басқа деңгейге өтті.  Оның күн сайын дамып келе жатқан ақпараттық салада коммуникативті рөлі айқындалып келеді. Ақпарат тек эко­номикалық саланы емес, сонымен бірге әлеуметтік-саяси процестердің дамуында да маңызды рөл ойнайды. Нақтырақ айтсақ, азаматтардың санасына әсер етудің тиімді құралына айналды.

Осы жағдайда отандық медиа-ресурс­тардың қазақстандық аудитория арасында тартымдылығын арттыру маңызды болып отыр, оның ішінде телевизияға басымдық беру негізгі талаптардың бірі», – деп атап өтті Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов.

Сонымен қатар медиа саласындағы өзекті мәселе – мемлекеттік тілдегі жар­нама мәселесі де көтерілді. Күн тәртібінде екі тілді аудиторияға ерекше көзқарас, ұлттық бірегейлік трендтері және қазақ тілін­дегі жарнаманың келешегі қарас­тырылды. 

NUR Media холдингінің Бас директоры Бақтияр Мәкен мемлекеттік тілдегі жар­нама тақырыбы бойынша баяндама жаса­ды. Соның ішінде қазақ тілді жарнаманың бүгінгі жай-күйіне тоқталып, оны дамыту мақсатындағы өзінің ұсыныстарын біл­дірді. Сондай-ақ ол қазақ тілді контентке деген сұраныс артып келе жатқанын да атап өтті.

«Қазақ тілді мазмұнға сұраныс жыл санап артып келеді. Бүгінде жекелеген компаниялар мен қоғам белсенділері мемлекеттік тілдегі контентті, алаңдарды, жарнама құралдарын дамытуға көңіл бөліп жүр. Олар ұсынатын идеялар креативті және ынтымақтастық орнатуға деген қызы­ғушылықтары да жоғары. Осы жағ­дайды пайдалана отырып жарнаманы қазақ тілді аудитория үшін тартымды етуге болады», – деп нақтылап өтті ол.

Конференция екінші жыл бойы жетек­ші сарапшылармен, телеарналардың, жарнама агенттіктерінің басшыларымен, сондай-ақ жарнама берушілердің өкіл­дері­мен медиа нарықтың ең өзекті мәсе­лелерін талқылау мен шешу алаңына ай­налды.

Іс-шара білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ медиа өлшемдер мен теледидар нарығындағы негізгі мәселелер мен тен­денцияларды талқылауға бірегей мүм­кіндік берді.

Д.БЕРІКҚЫЗЫ