Оқыс оқиға күндіз болған.
Семейде 3 жасар бала 4-қабаттан құлап кетті
1,026
оқылды

Семейде 1-шағынауданда бес қабатты үйдің 4-қабатынан кішкентай бала құлады. Куәгерлердің айтуынша, бала терезедегі тормен бірге жерге құлаған. Бұл туралы Aikyn.kz сайты obvk.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға орнына жедел жәрдем, полицейлер шұғыл жеткен. 

Ауыр жарақат алған баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізді. 

Бұған дейін Жетісуда жоғалып кеткен 3 жасар баланың мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз.

Фото: obvk.kz