Тұрғындардың айтуынша, оқиға орнынан жарылыс дауыстары шыққан.
Астанада  "Хан шатыр" маңында жарылыс болды

Астаналықтар "Хан шатыр" сауда ойын-сауық үйі маңында салынып жатқан көпқабатты үй аумағында бірнеше жарылыс болғанын хабарлады, – деп жазды  Tengrinews.kz.

Маңайдағы үйлердің тұрғындары алғашқы жарылыс толқынын сағат 16.28 шамасында сезген. Одан кейін тағы екі жарылыс болған.

Мұхаметханов көшесі, 4В мекенжайында салынып жатқан көпқабатты үй аумағында қою қара түтін шығып жатқаны көрінеді.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

"Сағат 16.28-де Нұра ауданында Мұхаметханов көшесі, 4В мекенжайында жаңадан салынған нысанда өрт шықты", – деп хабарлады ТЖД.

Шақыруға 19 құтқарушы мен 4 техника шыққаны айтылды.