22 мамырда сағат 15:25-те Абай облысының Бородулиха ауданында, Ауыл станциясынан 7 км қашықтықта (Алтай өлкесі РФ аумағынан Новенькая ауылынан өтті) құрғақ шөптің жануы орын алып, кейіннен «Семей орманы» аумағына көшті. Бұл туралы Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өрттің жалпы аумағы – 1500 гектар. Орман алқабында құрғақ шөп өртеніп жатыр.
Елдімекендерге төнген қауіпке байланысты Березовка шипажайы мен Березовкадан 277 адам өз бетінше туыстарына эвакуацияланды.
Березовка шипажайы мен Березовкада 15 адамнан тұратын кезекшілік ұйымдастырылды.
Орман өртін сөндіруге барлығы 100 бірлік техника (оның ішінде 1 өрт пойызы) және 2 тікұшақ, сондай-ақ 402 адам жұмылдырылды.
Қосымша Астана қаласы, Павлодар және Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдарын 133 адам л/с және 26 бірлік техникамен топтастыру жіберілді. Сондай-ақ «Қазәуеқұтқару» АҚ-тың МИ-8 тікұшағы (экипажы 4 адам) Қарағанды қаласының әуежайынан ұшып шықты.
Тәулігіне 2 тікұшақпен жалпы 59 157,5 тонна су төгілді.
Өрт орнына вице-министр, генерал-майор М.Күлдіков келіп жетті. Өрт орнында командалық-штабтық машина (КШМ) жұмыс істеп жатыр. Дағдарыс орталықтарында Абай облысының ТЖМ және ТЖД жедел штабтары жұмыс істейді. Сенім телефоны бар.
«Қазгидромет» деректері бойынша 24-26 мамырда Бородулиха ауданында Абай облысында екпіні 15-20 м/с дейін солтүстік-шығыс жел соғады деген болжам бар.