Қаржы пирамидасына ақша салатын тұрғындар саны азаймай отыр.
MetaGo қаржы пирамидасына сенген 600 адам 125 миллион теңгесінен айырылды
1,078
оқылды

Жезқазған, Алматы және Астана қаласының төрт тұрғыны «MetaGo» жобасы бойынша криптовалютаға инвестиция тарту желеуімен Жезқазған қаласында қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. 

Алдын ала мәлімет бойынша, олар 600-ден астам адамнан 124 миллион теңге жинап алған. Прокуратураның үйлестіруімен ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Агенттіктің талдау бөлімшелері бірлесіп анықтады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп, тексеру жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабының тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін Ақтауда 120 миллион теңге жинаған қаржы пирамидасының жетекшісі ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.