Соталды тергеу жалғасып жатыр.
Ақтауда жаппай төбелес кезінде бір адам қаза тапты
831
оқылды

Ақтауда жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты.

Бұған дейін блогер Азамат Сәрсенбаев мамырдың басында болған жаппай төбелестің видеосын жариялаған болатын. Оның айтуынша, жаңаөзендік бір топ достар Ақтаудағы клубқа демалуға барған, бірақ күзетшілер оларды өткізбей, олардың арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан.

ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, бұл дерек ҚР ҚК-ның 106-бабы 3-бөлігі бойынша, Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-де тіркелген.

"Полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні ұстады, соттың санкциясымен ол 2 айға қамауға алынды. 36 жастағы жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада қаза болды. Соталды тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", – делінген хабарламада.