Жоспарда балалар SIM карталарын енгізу мен Instagram, Facebook, WhatsApp, ВКонтакте платформаларында кәмелетке толмағандарды заңды өкілдердің рұқсатынсыз тіркеуді шектеу жөнінде шаралар қабылдау көзделген
Балаларға TikTok, Instagram, Facebook желілерінде отыруға шектеу қойылады
7
1,779
оқылды

«Ашық» НҚА порталында балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға «Бала қорғау» арналған кешенді жоспары жарияланды.

 

Жоспарда балалар SIM карталарын енгізу мен Instagram, Facebook, WhatsApp, ВКонтакте платформаларында кәмелетке толмағандарды заңды өкілдердің рұқсатынсыз тіркеуді шектеу жөнінде шаралар қабылдау көзделген.

Кешенді жоспарда кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер туралы хабарламағаны үшін білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары қызметкерлерінің жауапкершілігін қатаңдату, сот құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеген кезде құқық бұзушыны бірлескен тұрғын үйден уақытша шығаруды қамтамасыз ету, белгілі бір сағаттарда балалардың интернет желісіне қол жеткізуін шектеу, білім беру ұйымдарының өткізу режимін сақтау бойынша азаматтардың міндеттерін бекіту бойынша заң жобасына өзгерістер енгізу туралы айтылған.