Мерекелік медальмен ҚР Ұлттық валютасы – Қазақстан теңгесінің және ҚР қаржы жүйесінің дамуына және нығаюына, ҚР мемлекеттілігінің қалыптасуына және әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан ҚР азаматтары және шетел азаматтары наградталады.
Мемлекет басшысы «Теңгеге 30 жыл» мерекелік медалін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды
809
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық валюта – теңгенің айналысқа енгізілгеніне 30 жыл толуына орай мерекелік медальді бекіту туралы  Жарлыққа қол қойды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – Қазақстан теңгесінің айналысқа енгізілгеніне 30 жыл толу құрметіне орай қаулы етемін:

1. «Теңгеге 30 жыл» мерекелік медалі тағайындалсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) «Теңгеге 30 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары;

2) «Теңгеге 30 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін»,  делінген Президент қол қойған Жарлықта.

Құжатта көрсетілгендей, мерекелік медальді мына лауазымдағы тұлғалар Мемлекет басшысының атынан табыстауға құқылы:

- Ұлттық банк төрағасы;

- Ұлттық банк төрағасының орынбасарлары;

- Ұлттық банк филиалдарының, Ұлттық банктің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігінің және Ұлттық банк ұйымдарының бірінші басшылары;

- Ұлттық банктің төрағасы айқындайтын уәкілетті тұлғалар.

«Мерекелік медальмен ҚР Ұлттық валютасы – Қазақстан теңгесінің және ҚР қаржы жүйесінің дамуына және нығаюына, ҚР мемлекеттілігінің қалыптасуына және әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан ҚР азаматтары және шетел азаматтары наградталады»,  делінген құжатта.