Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адам жол бойын жағалай өскен гүлді көлігімен басып өткені түсірілген бейнежазба тараған еді.
Жетісу облысында жол бойындағы гүлді көлігімен басқан ер адам жауапкершілікке тартылады
1,031
оқылды

Жетісу облысының аумағындағы республикалық тасжол бойында өскен гүлді көлігімен басып, ерсі әрекет жасаған ер адам жауапкершілікке тартылады.

«Бейнежазбадағы BMW автокөлігінің иесі Кербұлақ ауданының 34 жастағы тұрғыны екенін хабарлаймыз. Жүргізушінің іс-әрекетінде ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабында (Жасыл екпелерді күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу) көзделген бұзушылық қарастырылған. Белгілі болғандай, ер адам қазіргі уақытта жұмыс бабымен іссапарда. Қайтып келгеннен кейін ол қолданыстағы әкімшілік заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Іс бақылауға алынды», – делінген Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде ер адам жол бойын жағалай өскен гүлді көлігімен басып өткені түсірілген бейнежазба тарады. Бұл көрініс желі қолданушылардың наразылығын тудырған болатын.