Күдіктіні Қазақстанға алып келді.
Оралда адам өлтірді деген күдіктіні Германиядан экстрадициялады
914
оқылды

Германия үкіметі Қазақстан Бас прокуратурасының адам өлтіруге күдіктіні ұстап беру туралы сұрау салған хатқа жауап берді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 

Қылмыс 2017 жылы Орал қаласындағы автотұрақта болған. Жанжал кезінде күдікті жәбірленушіні 7 рет пышақтаған. Жарақат алған адам қаза тапты.

Осы оқиғадан кейін күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.

Бүгін Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.

Қазіргі уақытта оны Астана қаласының тергеу изоляторына қамады.

Қылмысты жасағаны үшін ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.