«Қазгидромет» синоптиктері 27-29 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Демалыс күндері 38 градус ыстық болады
2,754
оқылды

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронт әсерінен ауа райы құбылмалы болады.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республиканың шығыс пен оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

Сондай-ақ, республиканың оңтүстігінде жел екпіні күшейіп, батыс пен оңтүстікте құмды дауыл соғады.

Қазақстанда ауа температурасы жоғарлайды: батыс облыстарда +32-37 градусқа дейін, солтүстік-батыста +30-35 градусқа дейін, солтүстікте +20-30 градусқа дейін, орталықта +20-28 градусқа дейін, оңтүстікте +30-38 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +20-25 градусқа дейін аздап төмендейді, таулы аймақтарда +10-15 градус, шығыста + 23-28 градус болады.

Фото: rg.ru