9 адамды ауруханаға жатқызылған
Оңтүстік Кореяда ұшақтың есігі әуеде ашылып кетті
1,072
оқылды

Оңтүстік Кореяда ұшақтың есігі 213 метр биіктікте ашылып кетті, деп хабарлайды CNN.

 

Әуе кемесі Тэгу қаласына бағыт алған. Ал бортта 194 адам болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Дегенмен, 9 адамды ауруханаға жатқызуға тура келген. Олар оқыс жағдайдан шошынып, сол уақытта тыныс алуы қиындаған.

Ұшақ әуежайға ашық есікпен қонды. Полиция апаттық қақпаның жанында отырған 30 жастағы ер адамнан жауап алып, тұтқаны не үшін тартып қалғанын тергеуде.