Синоптиктердің болжамына қарағанда, Ақмола облысының солтүстік-батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 36 градус ыстық болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысында 35 градус ыстық болады. Өңірдің оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күндіз күші 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі әлі де бар.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с болады. Облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с болады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с-қа жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші 15-18 м/с болады. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Қостанай облысының батысында күннің соңында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 35 градус ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында тауда найзағай ойнайды, өңірдің солтүстігінде шаңды дауыл болады, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с-қа жетеді.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.
Шымкентте күндіз шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.