2016 жылғы Рио Олимпиадасында Майкл Конлан ширек финалда ресейлік Владимир Никитиннен төрешілер шешімімен жеңілген еді.
Олимпиадада дауға қалған боксшы титулды айқаста нокаутпен жеңілді
3,316
оқылды

Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында өткен бокс кешінде жартылай жеңіл салмақта IBF чемпионы мексикалық Луис Альберто Лопес (28-2, 16 КО) жергілікті жұлдыз Майкл Конланды (18-2, 9 КО) нокаутқа түсірді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын, алайда бесінші раундта Конлан құлаған сәтте, оның командасы бірден ақ орамал лақтырды.