Шығыс Қазақстан облысында есірткі таратқан курьерді ұстады.
Өскеменде есірткі сатқан курьер ұсталды
1,584
оқылды

Өскеменде ЕҚІБ жедел уәкілдері прокурорлармен бірлесіп, есірткі таратқан 26 жастағы Астана тұрғынын ұстады. Ол есірткіні интернет дүкен арқылы сатқан. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ер адам аймақтық курьер және есірткі қоймасының ораушысы қызметін атқарған. Күдікті аса ірі көлемдегі есірткі заттарын алып, оларды орап, жасырын жерлерге қойып отырған.

Оның жалдамалы пәтерінен 500 грамнан асатын психотроптық зат тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1,3,5-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.