А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасы Болатбек Баймахановтың қолдауымен білікті дәрігерлер Түркістан облыстық орталық ауруханасында әріптестерімен тәжірибе алмасты. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тәжірибеде уролог-трансплантолог Ернұр Белгібаев, Ислам Мададов, Ельшад Набиевтер орталық аурухана дәрігерлерімен бірлесіп, халі мүшкіл 2 науқасқа бүйрек трансплантациясын жасады. Науқастар мен донорлардың денсаулығын дәрігерлер қадағалап отыр.
Бұған дейін алғаш рет жаңа туған сәбиге ота жасап, кистозды ісікті алып тастаған дәрігерлер туралы жазған болатынбыз.