Оқиға бүгін, 30 мамыр күні сағат 10.35 шамасында болды.
Атырауда көпқабатты үй өртенді
1,316
оқылды

Атырау қаласындағы Сырым Датов көшесінде орналасқан  көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің балконынан шыққан өрт  салдарынан 7 адам эвакуацияланған.

«Шақырту орнына санаулы минутта жеткен өрт сөндірушілер бесінші  қабаттағы пәтерде тұрмыстық заттар жанып жатқанын анықтады. Департамент қызметкерлерінің күшімен 7 адам, оның ішінде 5 бала  автосаты арқылы бесінші және  алтыншы қабаттан құтқарылды. Дәліз баспалдағы арқылы жалпы саны 44 адам қауіпсіз жерге шығарылды», – делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 12 қызметкері мен 3 бірлік техника жұмылдырылды. 

Баян ЖАНҰЗАҚОВА