Конкурс өңірлік және республикалық кезеңдерден тұрады.
«Үздік ауыл әкімі» конкурсының өңірлік кезең жеңімпаздары анықталды
857
оқылды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен ауылдық округ әкімдері арасында «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы өткізілуде.

Биыл төртінші жыл өткізіліп отырған бұл конкурстың мақсаты – ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосып, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген ауыл әкімдерін анықтау және  оларды ынталандыру шаралары аясында жергілікті басқарудағы тиімді, үздік тәжірибелерді кеңінен тарату.

Конкурс өңірлік және республикалық кезеңдерден тұрады.

Бүгінгі күні конкурстың өңірлік кезеңі аяқталды. Онда құрамына мемлекеттік органдар, мәслихаттар, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері кірген өңірлік комиссиялардың шешімі бойынша конкурстың екінші – республикалық кезеңіне қатысатын үздік ауыл әкімдері іріктелді.

Айта кету керек, әкімдердің қызметін бағалау кезінде халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жасаған жұмыс нәтижелері және жұртшылықпен кері байланысты қамтамасыз етуі, жергілікті қоғамдастықтың әкімдерді бағалау қорытындылары ерекше ескерілді.

Сондай-ақ іріктеу барысында ауыл әкімдері ауылдық елді мекендерде өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларын қорғап, оларды тұрақты дамыту бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

Конкурсқа қатысуға еліміздің өңірілерінен жүзден аса ауылдық округ әкімдері ниет білдірді.

Өңірлік іріктеу қорытындысы бойынша, конкурстың екінші  республикалық кезеңіне келесі ауыл әкімдері қатысады:

 

Ақмола облысы

 

-

 Құдайбергенова Құралай Қойшыбайқызы

Ақтөбе облысы

 

-

Абилов Равиль Сандыбайұлы

Алматы облысы

 

-

Сарсенов Өмірбек Бегендікұлы

Атырау облысы

 

-

Абенова Гүлжазира Қайратқызы

Шығыс Қазақстан облысы

 

-

Мусоболинова Раушан Калымовна

Жамбыл облысы

 

-

Елемесова Кулжахан Алмасовна

Батыс Қазақстан облысы

 

-

Галиева Саягүл Мәулетқызы

Қарағанды облысы

 

-

Рахымбергенов Аслан Рахымұлы

Қостанай облысы

 

-

Бексұлтанов Болан Жұматайұлы

Қызылорда облысы

 

-

Ноғайбаев Жақсылық Нұридинұлы

Манғыстау облысы

 

-

Мураталиев Дастан Якияевич

Павлодар облысы

 

-

Метлушка Татьяна Васильевна

Солтүстік Қазақстан облысы

 

-

Сарсенбаев Асхат Талғатұлы

Түркістан облысы

 

-

Жартыбаев Бауржан Келесбекұлы

Абай облысы

 

-

Бекбаев Өмірбек Жанарбекұлы

Жетісу облысы

 

-

Нұрахметов Ермек Еркенұлы

Ұлытау облысы

 

-

Сәлкебаев Саят Смағұлұлы