Шығын көлемі 500 млн теңгені құрады.
Ақмола облысында шетелдік көліктерді заңсыз есепке қою фактілері анықталды
1,152
оқылды

Мамыр айының ортасында «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-тың Ақмола облысы бөлімшесінде жалған құжаттарды пайдалана отырып, шетелден әкелінген 62 автокөлік құралын есепке заңсыз қою фактілері анықталды.

 

Ақмола облысы ПД-ның Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақмола облысының «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ ішкі қауіпсіздік қызметімен өзара іс-қимыл барысында жалған құжаттарды пайдалана отырып, шетелден әкелінген 62 автокөлік құралын есепке заңсыз қою фактілерін анықтады.

Шығын көлемі 500 млн теңгені құрады.

«Бұл факт ҚР ҚК 385-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. 30 жастағы жігіт анықталып, оның аталған фактіге қатыстылығы тексерілуде. Бұл іс экономикалық тергеу департаментіне жолданды», – делінген полиция хабарламасында.

Полицейлер тексеруді жалғастыруда.