Полиция қызметкерлері жазғы демалыс кезеңі жақындағандықтан ата-аналарға балалар қауіпсіздігін қадағалауды ескертіп отыр.
Атырауда КамАЗ 6 жасар баланы басып кетті
6
884
оқылды

Атырауда КамАЗ көлігі велосипедпен келе жатқан 6 жасар баланы қағып кетті. Балақай оқиға орнында мерт болды.

Жол-көлік оқиғасы бүгін, 30 мамырда жергілікті уақытпен сағат 19:20 шамасында болған.

Бұл деректі Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Атырау қаласының Жұлдыз-2 шағынауданында КамАЗ жүк көлігі велосипедпен келе жатқан 6 жасар баланы қағып кеткені анықталды. Көлік қаққан бала оқиға орнында мерт болды. Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты іс-құжаттар жинақталып жатыр»,– деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.