Есірткі таратушыларды анықтау жалғасып жатыр.
Алматыда ең ірі есірткі зертханалары жойылды
753
оқылды

Алматыда полицейлер  283 есірткі қылмысын әшкереледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Polisia.kz-тің дерегінше, 120 келіден астам есірткі тәркіленді. 

«Жыл басынан бері 4 есірткі зертханасы жойылды. 72 тонна прекурсорлар, есірткі өндіруге пайдаланылған басқа да заттар мен құрал-жабдықтар тәркіленді. 8 тонна пайдалануға дайын заттардың айналымы тоқтатылды. Жыл басынан бері 30 есірткі бетбелгісін қоюшылар анықталды. Біз халықпен бірігіп, бетбелгі қоюшылардың санын барынша азайта аламыз. Қалалық ПД-ның сенім телефоны (Whatsapp 87055497025) тәулік бойы жұмыс істейді. Есірткі таратушылар туралы хабарлауға болады», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов. 

Бүгінгі күні 3000-ға жуық граффити-сурет анықталып, жойылды. Есірткі жарнамалайтын 238 сайт анықталып, бұғатталды.