Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласы Қаржы басқармасының заңгері болып бастаған.
Қаржы министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
1,086
оқылды

Қаржы министрінің бұйрығымен Ерғали Қуандықұлы Егемберді Қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ерғали Егемберді 1977 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ Дипломатиялық академиясын, Бостон университетін (АҚШ) бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласы қаржы басқармасының заңгері болып бастаған.

2000-2001 жылдары – Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы.

2001-2002 жылдары – «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймағы бас дирекциясының мониторингті есепке алу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, Астана қаласының базарларында сауда ұйымдастыру және біржолғы талондар беру басқармасы бастығының орынбасары.

2002-2003 жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпарат комитеті Бухгалтерлік есеп, ұйымдастыру және құқықтық жұмыс басқармасы Заң және кадр қызметі бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2003 жылы «Афдан» ААҚ вице-президенті қызметін атқарды.

2004 жылы Астана қаласы тұрғын үй департаменті бастығының орынбасары болды.

2004-2006 жылдары – Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары.

2006-2007 жылдары – Қарағанды облысының біржолғы талондарды беру басқармасының бастығы.

2007-2008 жылдары – Қарағанды қаласы әкім орынбасарының міндетін атқарушы.

2008 жылдан 2009 жылға дейін Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің қызметін атқарды.

2009-2010 жылдары – Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы.

2010-2012 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы.

2012 жылғы қаңтардан бастап – ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының басшысы.

2012-2014 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.

2014-2017 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары.

2017-2018 жылдары – Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшы.

2018-20219 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

2019-2020 жылдары – Нұр-Сұлтан қаласы (қазіргі Астана) «Сарыарқа» ауданының әкімі.

2020-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2022 жылғы мамырдан қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

 

Фото: yandex.kz