Алматыда шағын кәсіпті дамыту үшін субсидия алып береміз деп уәде берген күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Polisia.kz-тің дерегінше, Алматы облысынан 32 жастағы А. есімді қыз және Түркістан облысының тұрғындары – 23 жастағы Н. және 28 жастағы С. күдікті деп танылды.
«Ұсталған күдіктілер «шағын бизнеске субсидия алуға көмектесеміз» деген желеумен елді алдаған. Ақша алып, уәдесінде тұрмаған. Тергеу күдіктілердің осыған ұқсас 12 фактіге қатысы бар екенін анықтады. Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сараланады. Күдіктілер қамауға алынды», – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Талғат Беркінбаев.
Полицейлер азаматтарды күдіктілерді таныған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарлауды сұрайды: 8 (727) 227-55-02 және 8-777-235-55-15.