«Қоғамдық бақылау» жөніндегі және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес дайындалды.
Аталған заң жобалары мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың ашықтық дәрежесін кеңейтіп, азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Заң жобалары Палатаның 2022 жылғы 7 желтоқсандағы жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданды.
Заң жобаларымен жұмыс барысында депутаттар келесі жүйелі түзетулер енгізді:
- «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорында және оның еншілес компанияларында мемлекеттік әлеуметтік және ғылыми-инновациялық жобаларға, бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын ұлттық жобаларға қатысты, сондай-ақ Қор қайырымдылық көмек көрсеткен кезде қоғамдық бақылауды жүзеге асыру;
- «Назарбаев интеллектуалдық мектептері» басқа да дербес білім беру ұйымдарын қоғамдық бақылау объектілеріне жатқызу;
- қоғамдық бақылау объектісіне барудан бас тарту негіздерін нақты айқындау;
- азаматтарға петиция беру құқығын тек электрондық нысанда ғана емес, қағаз түрінде де беру;
- петицияны орналастыру үшін қажетті дауыстар санын азайту (150-ден 50-ге дейін);
- мемлекеттік органдардың петицияны қарау мерзімдерін қысқарту (орталық мемлекеттік органдар үшін – 60 күннен бастап 40 күнге дейін және жергілікті атқарушы органдар үшін – 20 күнге дейін);
- мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің, сондай-ақ әскери оқу орындары тәрбиеленушілерінің, ұландарының, кадеттері мен курсанттарының өмірімен және тұрмысымен танысу үшін олардың отбасы мүшелеріне әскери бөлімдерге, оқу орындарына бару құқығын беруге.
Сондай-ақ, заң жобасының тақырыбын өзгерту жөнінде түзету енгізілді.
Парламент Мәжілісінің барлық комитеттері заң жобалары бойынша оң қорытындылар берді.
Жұмыс тобына 180-нен астам ұсыныстар келіп түсті, олардың басым көпшілігі қолдау тапты.
Азаматтық қоғам, сарапшылар қауымдастығы өкілдері жұмыс тобында жоғары белсенділік танытты.
Жұмыс тобының 28 отырысы және Комитеттің 2 кеңейтілген отырысы өткізілді.
Заң жобасының ең басты мақсаты Конституцияға сәйкес азаматтардың мемлекет істерін тікелей басқаруға қатысуына жағдай жасау.
Бұл еліміздің қоғамдық процесстерінде орасан зор прогрессивті қадам!
Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Қоғамдық бақылау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарын қабылдауды және оны Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына жіберуді сұрайды.
Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарап шығып, мыналарды атап өтеді.
Заң жобасы 2022 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі жалпы отырысының бірінші оқылымында мақұлданды.
Заң жобасының негізгі мақсаты қоғамдық бақылауды жүзеге асыру арқылы азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.
Заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттар:
- «қорытынды құжат» ұғымын енгізуге;
- дербес білім беру ұйымдарын қоғамдық бақылау объектілеріне жатқызуға;
- ұлттық әл-ауқат қорында және оның еншілес компанияларында мемлекеттік әлеуметтік және ғылыми-инновациялық жобаларға, бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын ұлттық жобаларға қатысты, сондай-ақ қор қайырымдылық көмек көрсеткен кезде қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;
- қоғамдық бақылау объектісіне барудан бас тарту негіздерін нақты айқындауға. Алдыңғы қоғамдық мониторинг жүргізілген кезден бастап алты ай ішінде бір объектіге не сол мәселе бойынша бара отырып қоғамдық мониторинг жүргізілген жағдайларда.
- қоғамдық бақылау объектілерінің жүргізілген қоғамдық бақылау нәтижелеріне ресми қатынасын болғызбауға бағытталған түзетулер енгізді.
Сондай-ақ, депутаттар заң жобасының мазмұнын сапалы жақсартқан редакциялық сипаттағы және заң техникасы бойынша түзетулер енгізді.
Парламент Мәжілісінің барлық комитеттері заң жобасына оң қорытындыларын берді.
Жұмыс тобының 28 отырысы және Комитеттің екі кеңейтілген отырысы өтті. 100-ден астам түзетулер келіп түсті, оларды жұмыс тобы қарады. Салыстырма кесте қабылданған 89 позициядан тұрады.
Баяндалғанды ескере отырып, Комитет «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қабылдауға және оны Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауына жіберуге болады деп есептейді.