Ер адамның нақты неден көз жұмғанын әзірге белгісіз.
Өскеменде өзен жағасынан жас жігіттің денесі табылды
1,167
оқылды

Өскемен қаласындағы Үлбі өзенінің жағасынан жас жігіттің мәйіті табылды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 жастағы жігіттің денесі Протозанов көшесінің маңындағы Үлбі өзенінің жағасынан табылған.

«Мәйітті байқап қалған қала тұрғыны «102» жедел арнасына қоңырау шалды. Оқиға орнына тәртіп сақшылары шұғыл келіп жетті. Ер адамның нақты неден көз жұмғанын әзірге айта алмаймыз. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, тиісті сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», – делінген ақпаратта.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, жас жігіт суицид жасауы мүмкін. Себебі мәйіттің қасынан жіп табылған.