Синоптиктер маусымның 1-3 аралығында ауа райы тұрақсыз болады деп болжауда.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және Оралда найзағай ойнап, күн күркірейді. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Күндіз облыстың басым бөлігінде +36°С дейін қатты ыстық болады.
Синоптиктер 1-3 маусым аралығында түстен кейін Ақмола облысының батысында сынап бағаны +41°С дейін көтерілетінін болжайды.
Астанада 1-3 маусым аралығында +35-37°С - қатты ыстық болады деп күтіледі.
1 маусымда таңертең және түстен кейін Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде оңтүстік шығыстан оңтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде сынап бағаны +39°С дейін көтеріледі деп болжанады. Облыстың орталығында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.
1-3 маусым күндері түстен кейін Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында сынап бағаны +41°С дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады.
2-3 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында +40-41°С қатты ыстық болады деп күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
1 маусымда Павлодар облысының шығысында, орталығында және Павлодарда төтенше өрт қаупі сақталады.
31 мамырда сағат 21:00-ден 1 маусымда сағат 21:00-ге дейін Өскемен мен Риддер қалаларында күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҰМУ туралы ескерту жарияланады.
Күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде +35°С қатты ыстық болады деп күтіледі. Күндіз Жезқазғанда 1 маусымда +35°С қатты ыстық болады деп болжанады.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 20 м/с-ға дейін жетеді, күндіз Алакөл ауданында соққан желдің екпіні 23-28 м/с құрайды. Талдықорғанда 1 маусымда түстен кейін солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.