Маңғыстау облысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.
«2023 жылдың 30 мамырында әлеуметтік желіні мониторингілеу барысында Жаңаөзен қаласының Ақсу ықшам ауданындағы тас жолдардың бірінде мектеп түлектерінің жасаған бірнеше құқық бұзушылықтары анықталды. Атап айтқанда, «Daimler Chrysler» маркалы автокөліктің жолаушылары қауіпсіздік белдігін тақпай бұзушылыққа жол берді. Жаңаөзен қалалық ПБ-ның патрульдік полиция ротасының қызметкерлері аталған көлік жүргізушісінің жеке басын анықтады, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 593-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ «Mercedes Benz E 320» жүргізушісі бірден екі құқық бұзушылық жасағаны анықталғаны нақтыланады. Ол ҚР Әкімшілік кодекстің 614-бабында көзделген талаптарды бұза отырып, көлік құралын басқару кезінде басқа жол қозғалысына қатысушыларға әдейі кедергі келтірген. Осы бап бойынша 21 жастағы азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.