Скутерді 16 жасар бала басқарған
Ақтөбеде скутер мінген кәмелетке толмаған бала жол апатынан қаза тапты
1,030
оқылды

Ақтөбеде скутер жүргізіп келе жатқан кәмелетке толмаған бала жол апатынан қаза тапты.

31 мамыр күні Жангелдин және Қонаев көшелерінің қиылысында Toyota автокөлігі мен скутер соқтығысқан.

Скутерді 16 жасар бала басқарған.

Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында мерт болды.

ҚР ҚК 345-бабы 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Естеріңізге сала кетейік, скутер жүргізушілері велосипед жолымен, ал егер жоқ болса, жолдың оң жақ шетінде жүруі керек» деп ескертеді полиция.