Үкіметтің 2023 жылғы 25 сәуірдегі «2023 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» қаулысы жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Құжатқа сәйкес, биыл демалыс күні 1 шілдедегі сенбіден 7 шілдеге ауыстырылды.
Zakon.kz-тің дерегінше, 2023 жылы Астана күні аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады. 1 шілде жұмыс істейді.
Алты күн жұмыс істейтін азаматтар 6, 7 және 9 шілде күндері ғана демалады.
Фото: mirtesen.ru