Аптап ыстық болуы мүмкін.
«Қазгидромет» маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады
1,001
оқылды

«Қазгидромет» мамандары Қазақстан бойынша маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Маусым айының бірінші онкүндігінде Қазақстан территориясының басым аумағында ыстық ауа райы болжанады.

Ауа температурасы:

  • еліміздің оңтүстігінде түнде +20+27°С-қа дейін, күндіз +35+44°С-қа дейін;
  • республиканың солтүстігі мен орталығында түнде +17+25°С-қа дейін, күндіз +33+41°С-қа дейін;
  • еліміздің оңтүстік-шығысында түнде +8+16°С-тан +20+25°С-қа дейін, күндіз +24+31°С-тан +34+39°С-қа дейін,
  • республиканың шығысында түнде +2+10°С-тан +15+23°С-қа дейін, күндіз +21+28°С-тан +33+38°С-қа дейін жоғарылайды.

Тек еліміздің батысында циклон әсерінен найзағай жарқылдайды. Өткінші жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +18+25°С-тан +13+20°С-қа дейін, күндіз +30+38°С-тан +25+33°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Бірінші онкүндіктің соңында өткінші жаңбыр жауады. Жел екпіні күшейеді. Бұршақ пен шаңды дауыл болуы да мүмкін. Күн салқындайды.

Маусым айының екінші және үшінші онкүндігінде ыстық күндер өткінші жаңбыр, екпінді жел, найзағай, бұршақ және шаңды дауылмен бірге салқын ауа райымен ауысып отырады.

Ауа температурасы:

  • еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында түнде +10+20°С-тан +16+26°С-қа дейін, күндіз +21+31°С-тан +31+40°С-қа дейін;
  • республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында түнде +5+15°С-тан +11+21°С-қа дейін, күндіз +16+26°С-тан +26+36°С-қа дейін;
  • еліміздің оңтүстігінде түнде +13+23°С-тан +18+28°С-қа дейін, күндіз +25+35°С-тан +32+42°С-қа дейін ауытқиды.

Маусым айында орташа айлық ауа температурасы еліміздің басым аумағында нормадан 1-2° жоғары болады.

Ауа температурасы Шығыс Қазақстан облысында, Абай және Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Павлодар облысының солтүстік-шығыс жартысында, Алматы облысының оңтүстік-шығысында бірқалыпты болуы ықтимал.

Жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде нормадан аз. Республиканың солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстіктің таулы аудандарында жауын жауады.