Бұған дейін ол жүйелі азаптауды ұйымдастырғаны үшін бірінші сатыдағы сотпен сотталып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылған.
ШҚО-да полицейдің тапсырмасымен сотталушыларды азаптап видеоға түсірген
1,152
оқылды

Бас прокуратура Шығыс Қазақстан облысындағы түрмелердің бірінде полицейдің тапсырмасымен сотталушыларды азаптап видеоға түсіргенін мәлімдеді. 

Ведомство мәліметінше, 2023 жылдың ақпан айында Бас прокурордың наразылығынан кейін Жоғарғы сот Ішкі істер министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің жедел уәкілі, полиция қызметкері М.-ді ақтау туралы үкімнің күшін жойған. 

“Бұған дейін ол жүйелі азаптауды ұйымдастырғаны үшін бірінші сатыдағы сотпен сотталып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылған. Тергеу барысында Бас прокуратураның арнайы прокурорлары мекемедегі бұрынғы полиция басшылығымен қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдарға азаптау қолданылғаны туралы нақты дәлелдер тапты. Атап айтқанда, полиция қызметкері М. өзіне тәуелді сотталушыларға басқа сотталғандарға азаптауды қолдануға нұсқау бергені анықталды. Сотталғандарды жазаны өтеу режимінің бұзылуына жатпайтын бұзушылықтар үшін жазалаған”, – делінген хабарламада. 

Бас прокуратура егер сотталған адам дұрыс қырынбаса немесе мекеме қызметкерлерінің аты мен әкесінің атын ұмытып кетсе, азаптауға бұйрық берген. Бүкіл азаптау процесі бейнекамераға жазылыпты. 

Қазіргі уақытта бұрынғы полиция қызметкері М. азаптауды ұйымдастырушы ретінде сотталды.