Жуырда Астана қаласының тұрғыны, 1-сынып оқушысы Асылтас Саяділ Ақорданы аралап көргісі келетінін айтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жазған болатын, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев! Мен Саяділ Асылтас Нұртасқызы 1-сыныпта оқимын. Менің туған күнім 17 мамыр. Сіздің туған күніңізбен бірге. Менің арманым Сізбен кездесу. Сіз мені Ақордаға кіргізесіз бе?», – деп жазды Асылтас Саяділ Мемлекет басшысына жазған хатында.
Бүгін Халықаралық балалар күніне орай «Ақорда» резиденциясына ұйымдастырылған экскурсияға Асылтас арнайы шақырылып, ғимаратты аралап көрді.
«Қасым-Жомарт Кемелұлына көп-көп рақмет. Маған бүгінгі экскурсия ұнады. Шақырғаны үшін рақмет. Сыйлықтары ұнады. Өскенде Президенттің көмекшісі болғым келеді», – деді Асылтас.