Алматы облысында сұмдық жағдай болды. Ер адам туған қыздарын зорлады деген күдікке ілінді. Қыздардың анасы осы жайт туралы айтып берді, – деп хабарлайды Еуразия арнасы.
Телеарна мәліметінше, қыздардың анасы бұл жағдай туралы ертерек айтқысы келген. Бірақ басқа балалары үшін қорыққан.
Бұл туралы маған кіші қызым айтты. Бұл шілдеде еді. Ол жылап отырды. "Не болды?" десем, "әкем тиісті" дейді. Сенбедім. "Қалай? Қалай ғана болуы мүмкін?" дедім. "11 жасымда болды" деді. "Неге үндемедің, неге айтпадың?" деп сұрадым. "Қорықтым, қоқан-лоқы жасады" деді. Сол кезде айтса, бұлай қалдырмас едім", – деді қыздардың анасы Раиса (есімі өзгертілген – еск.)
Қазір тиісті сараптама тағайындалған. Жәбірленуші қыздар соталды тергеу жүргізу кезінде полицейлердің қорғауына алынған. Ал күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.