Виртуалды әлемде де Голливуд жұлдыздарының дауыстары қолданып келді. Енді бұл дауыстар виртуалды көмекшілерден алынып тасталмақшы. Оның себептерін төмендегі қызық видеороликтен көріңіз.
Голливуд жұлдыздарының дауысы керек болмай қалды
1,340
оқылды

Виртуалды көмекшілердің ішінде Alexa әлемдегі барлық мәдени әралуандыққа ашық болды. 2019 жылдан Amazon өзінің смарт динамиктері үшін атақты жұлдыздардың дауыстарын қолданып келді. 

Енді бұл дауыстар виртуалды көмекшілерден алынып тасталмақшы. Оның себептерін slashgear.com платформасында жарияланған хабарламаға сілтеме жасаған Aikyn.kz түсіндіреді.

Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Luis Alvarez

Amazon-ның виртуалды көмекшісі Alexa Сэмюэл Л.Джексон, Шакил О'Нил сияқты жұлдыздардың дауыстарымен ауа райын, күнделікті жаңалықтарды айтып отыратын. Alexa-ның бұл функциясы қолданушыларға қатты ұнайды, виртуалды көмекшіге сұрақтар қойып, атақты адамдардың дауыстарымен жауап алу, әзілдер тыңдау өте қызықты болды.

Мына видеороликтен сол қызықты дауыстарды ести аласыз:Дегенмен The Verge жариялаған жаңа мәліметтерге сәйкес, бұл функционалдың мүлдем жойылуы, оның қашан, қайтып оралатыны белгісіз. Осы қызықты функциялар Alexa-дан қыркүйек айының соңында алынып тасталуы мүмкін.

«Сэмюэл Л. Джексонның дауысы енді Alexa-да болмайды», – делінген Amazon Alexa Skills парақшасында. «Виртуалды көмекшіні бұрыннан қолданып жүрген қолданушылар «Сәлеметсіз бе, Сэмюел!» деп 2023 жылдың сәуіріне дейін айта алады.

Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Emma Mcintyre

Amazon парақшасына бұл қолданбаны пайдаланып жатқан көңілсіз клиенттерден көптеген пікір  келіп жатыр.

«Маған Сэмюэл Л. Джексон Alexa-дағы дауысы ұнайды және олардың оны тоқтатқанына қатты ренжідім», – деп шағымданды бір қолданушы. Бірнеше пікір қалдырушылар бұл функцияны қалдыру үшін жыл сайынғы ақы төлеуге дайын екенін жазған.

Атақты адамдардың дауысын қолдану пайдаланушылар үшін қымбат емес. Бағасы 1 доллардан 5 долларға дейінгі шамада. Бұл ақылы функцияның алынып тасталуы адамдардың ренішін туғызуда.

Amazon бұл жағдайды қалай шешетіні белгісіз. Бұл процесте Amazon имидждік шығын тартуы ықтимал. Жаңа өзгерістер болашақта тұтынушылардың Alexa және Echo экожүйесін сатып алуға деген ынтасын азайтуы мүмкін.

Фото Shutterstock сайтынан алынды. Авторы: Panthere Noire

ЖИ-мен жұмыс істейтін чат-боттардың тез дамып келе жатқан нарығында өзінің орны үшін күресіп жатқан платформа үшін жақсы нәтиже емес және Alexa-ны ұятқа қалдыратын қадам.

Компания неліктен жұлдыздардың дауыстарын жою туралы шешім қабылдады? Мұны тек болжауға болады. Ықтимал себептерге лицензияның мерзімі мен жұлдыздармен келісімнің аяқталуымен, компанияның стратегиясының өзгеруімен түсіндіруге болады.

Әсіресе, Alexa экзистенциалды дағдарысты бастан өткеріп жатқандықтан, Amazon бұл дағдыларды одан әрі дамыту қажеттігі жоқ деп шешкен болуы мүмкін.