Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 3 маусым күні Реджеп Тайып Ердоғанның шақыруы бойынша Анкараға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Осы күні Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанды салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысады.