Алайда, балаларды неден және кімнен қорғау керек екен? Қазақстанда осы сұрақтың өзектілігі жоғары, өйткені мемлекетімізде ең маңызды адами құндылықтардың бірі отбасы болып табылады. Қазақстандық қоғам балаларға деген айрықша қамқорлық сезімін сақтап жүреді. Адамдар кішкентай бүлдіршіндерді еркелетіп, олардың тентектігіне де мейіріммен қарайды. Мұндай жағдайда, балалар алдында қандай қауіптер пайда болуы мүмкін?
Дегенмен, Ұлттық статистика Бюросының деректеріне сүйенсек, 2022 — 2023 жылдардың аралығында кәмелетке толмаған балаларға қарсы қылмыстардың саны 32%-ға өсіп, сексуалдық зорлық жағдайларының жиілігі екі есе артқан. Бұл қауіпсіз әрі бақытты балалық шақты кепілі емес.
Осы орайда, Жаңа Адамдар зорлық көрген жандармен сұхбаттасуға шешім қабылдады. Бейнебаян кейіпкерлерінің үшеуі де өз жеке тәжірибесімен бөлісуге келісті.
“Отбасымның не қоғамнан көмемек көрмедім. Психологтар мен заңгерлердің ыждағаты да іске жарамады. Себебі қоғамның ойлауы өзгермесе, таптаурынға айналған “ұят” ұғымы зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің тиімділігін жоққа шығарады" деді зорлық-зомбылық құрбаны Дәулет.
Олар зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесу және одан қорғанудың алғышарттарды талқыланды. Бейнебаян кейіпкерлерінің байқауынша, онсыз да қиын жағдай, құрбандардың қоғамдық айыптаудың негізгі субъектіне айналу қорқынышымен күрделіленеді. Қазақстанда зорлық-зомбылық мәселесінің ашық талқылануына бейресми тыйым салынған. Сондай-ақ, тіпті ересек адамдар өздерінің мұндай қиыншылықтарға ұшырағанын көпшілікке айтудан жалтарады, өйткені оны ұят Ал мұндай жағдайға тап болған балалар өз қорқынышының тұңғиығына қаншалықты батып кететін білесіз бе?
«Аналар мен әкелерге, әжелер мен аталарға, мұғалімдерге, дәрігерлер, полиция мен бүкіл ересектерге айтарым, балаларымызды өзімізден басқа кім қорғай алады? Біз мәселенің бар болғанын мойындамауды қойып, күшімізді біріктіріп, күресуге міндеттіміз. Біз балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кез-келген мүмкіндіктерді пайдалану керек. Осындай белсенділік балалардың ересектерге деген сенімділігін күшейтеді. Біз әрқашан балаларға қолдау көрсетіп, көмектесіп, олардың құқықтарын барлық батылдықпен қорғауға дайынбыз» Жаңа Адамдар өкілі Елдана Каденова.
фото: /sn.kz/