Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы ыстық болады.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігіндегі ауа райы оңтүстік ағындар әсер ететін антициклон ықпалымен анықталады.
«Тек батыс облыстарда және республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстік аймақтарында жел күшейіп, шаңды дауыл соғады», – дейді синоптиктер.
Күндіз қатты ыстық сақталады. Оның ішінде:
- республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде плюс 36-41°С дейін;
- шығыста – 33-39°С дейін;
- орталықта – 33-41 ° С дейін;
- оңтүстікте – 37-44°С дейін;
- оңтүстік-шығыста – 30-39 градусқа дейін ыстық болады.