"Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталғаны туралы хабар тарады, – деп жазды Zakon.kz сайты "Пятый регион" порталына сілтеме жасап.
“Алтын Орда” базары басшыларының бірі ұсталды - БАҚ
2,657
оқылды

Полицияның БАҚ-қа берген мәліметінше, ол 2 маусымда қамауға алынған. Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне BMW көлігіндегі қарулы адамдар туралы ақпарат келіп түскен. Ұсталғандар арасында "Алтын Орда" әмбебап базары директорының орынбасары да бар.

Сондай-ақ полиция бұл факті бойынша "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" (Қылмыстық кодекстің 287-бабы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Алайда базардың баспасөз қызметі қамауға алынған күзетшілердің қару ұстауға рұқсаттары бар екенін айтты.