«Сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 11,14 құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 23,27%-ға өскен. Педикулезбен ауырған балалар мектепке дейінгі балалар ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына қабылданбайды», – делінген хабарламада.
Педикулез (бит) анықталған жағдайда міндетті түрде медициналық көмекке жүгіну керек, өйткені педикулез паразиттік ауруларға жатады және медицина қызметкерлерінің бақылауын қажет етеді. Медицина қызметкері биттерді жою бойынша ұсыныстар береді.
Педикулезбен ауыратын науқастардың төсек-орындарын, киімдерін дезинфекциялау дезинфекциялық камераларда және педикулез ошақтарында қорытынды дезинфекция жүргізіледі.
Педикулезбен ауыратын балалар санациядан кейін мектепке дейінгі білім беру және жалпы білім беру мекемесіне педикулездің жоқтығы туралы медициналық анықтама болған жағдайда ғана қабылданады.